Петропавлда апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
25 қаңтарда Петропавлда өңірдің тауар өндірушілерінің қатысуымен апта сайынғы кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Жәрмеңкеге келесі аудандар қатысады:
— «Алтын Арман» базарында: Ақжар, Г.Мүсірепов, Тимирязев
— Қызылжар Ақбастау базарында: Есіл, Жамбыл, Уәлиханов.
— «Дария» базарында: Мамлют ауданы
Жәрмеңке 8:30-дан 12:00-ге дейін өтеді.