Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны анасымен жанжалдасып, балағат сөздер айтқаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды
Қызылжар аудандық соты анасына балағат сөздер айтқан ауыл тұрғынына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарастырды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Сотта құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, жанжал кезінде анасына қатысты ұят сөздер айтқанын түсіндірді. Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза қолдануды сұрады. Кінәсі іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сауалнама хаттамаларымен дәлелденді.
К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оның жүріс-тұрысына үш ай мерзімге ерекше талаптар белгілеумен – алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды тұтынуға тыйым талаптары қойылып, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды,», – делінген Қызылжар аудандық сотының хабарламасында.