Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді жүргізілуде

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді жүргізілуде

Солтүстік Қазақстан облысында 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары белсенді жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша 109 іс-шараның 90 пайызы орындалды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«38 км қорғаныс қорғандары салынды.41 км қорғаныс қорғаны күшейтілді. 100-ден астам су өткізгіш құбырлар орнатылып, ауыстырылды. 10 шақырымнан астам арықтар мен каналдар тазартылып, тереңдетілді. 4 шақырымнан астам өзен арналары тазартылды», – деп хабарлады ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Серік Мұхамедиевтің мәліметінше, қазір қала Заречный кентіндегі топырақ қорғаны мен айналма жолдың құрылысын аяқтады. Ущева көшесіндегі бөгет корпусының құрылысы толығымен аяқталды, қазіргі уақытта беткейлерді бетон плиталарымен нығайту жұмыстары жүргізілуде. Кожевенный шағын ауданында бөгет бойында биіктіктер жобалық биіктікке дейін жеткізілді. Қазір бөгет негізін кеңейтіп, беткейлерін нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Shares