Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО құтқарушылары жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті

СҚО құтқарушылары жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті

Төтенше оқиға Мамлют ауданының Раздольное ауылына жақын облыстық жолда болды. Алматы облысына бағыт алған фура отын жүйесіндегі ақаудан 25 градус аязда тоқтап қалды, деп хабарлайды QZ News.

СҚО ТЖД мәліметі бойынша, құтқарушылар жүргізушіні назарсыз қалдырмады. Аудандық ТЖ бөлімшесінің, жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына жетіп, жүргізушіні Новомихайловка ауылындағы жылыту бекетіне эвакуациялап, оған жылы ас пен түнеуге жағдай жасады.

«Бір тәуліктен астам уақыт өтті, осы уақытта бірлесіп көлікті жөндеуді аяқтап, одан кейін көлік өз бағытына қарай жолын жалғастырды. Жүргізуші Әрим Қуандық қиын сәтте көмек көрсеткен барлық адамдарға жүрекжарды алғысын білдіріп, істеріне сәттілік тіледі», – деп хабарлады ведомство.

Shares