Солтүстік Қазақстан облысында ГАЗЕЛЬ көлігі жол жиегіне шығып кетті
«Екатеринбург-Алматы» тасжолын патрульдеген СҚО Полиция департаментінің батальон экипажы жолдан шығып кетіп қарға батқан ГАЗель көлігін тапты, деп хабарлайды QZ News.
29 жастағы жүргізуші, Кокшетау қаласынан Қостанай қаласына жүксіз келе жатып, рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Полиция қызметкерлері жақын жердегі ЖШС-ке хабарласып, олардың басшылығы техниканы шығаруға көмек көрсетті.
Техникалық құралдар қарды тазартып, құм төсеу жұмыстарын жүргізіп, көлікті жолға шығарды. Полиция қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Жүргізуші барлық көмек көрсеткендерге ризашылығын білдірді.