Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл тұрғыны өзге адамның көлігінің дөңгелектерін кескені үшін 5 тәулікке қамауға алынды

Петропавл тұрғыны өзге адамның көлігінің дөңгелектерін кескені үшін 5 тәулікке қамауға алынды

Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған соты көліктің дөңгелектерін кескен азаматтың ісін қарады, деп хабарлайды QZ News.

Сот барысында құқық бұзушының көліктің дөңгелектерін әдейі кескені және бұл әрекетпен көлік иесіне 96 890 теңге материалдық залал келтіргені анықталды.

«Бұл факт Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 147-1-бабы – басқа адамның мүлкін әдейі жою немесе бүлдіру бойынша сараланды. Сот іс бойынша барлық мән-жайларды, келтірілген зиянның көлемін және құқық бұзушының жеке басын қарады. Істі қарау қорытындысы бойынша азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – деп хабарлайды Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған соты.

Shares