Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда кәсіби шеберлік байқауы өтті

Петропавлда кәсіби шеберлік байқауы өтті

Петропавлда «Үздік шебер – 2023» республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Оның басты мақсаты – жұмысшы мамандықтарға деген сұранысты арттыру, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жыл сайынғы байқау жұмысшы мамандықтардың үздік өкілдерін таңдауға бағытталған. Тас қалаушылар, сантехниктер, дәнекерлеушілер, аспаздар. 25 адам өз шеберліктерін көрсетті және берілген тапсырмаларды орындады. Олардың жұмыстарының сапасы мен жылдамдығын кәсіби қазылар алқасы бағалады. Байқауға қатысқан студенттер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, кәсіпкерлер өздерінің  білімдерін ортаға салды. Негізгі ереже – қатысушының жасы 35-тен аспауы керек.

«Қатысушылардың ынтасын арттыру үшін біз ақшалай сыйлықтар дайындадық. 1, 2 және 3 орындар. Тиісінше оларға 100, 75 және 50 мың теңге беріледі. Жеңімпаздардың есімдерін 22 қыркүйек күні қалалық мәдениет үйінде Еңбек күніне арналған шарада жариялаймыз», – деп қосты ұйымдастырушылар.

 

Shares