Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 2025 жылдың қаңтар айында СҚО полициясы әртүрлі есірткі заттарының 17 кг-нан астамын тәркіледі

2025 жылдың қаңтар айында СҚО полициясы әртүрлі есірткі заттарының 17 кг-нан астамын тәркіледі

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхамбеткалиевтің мәліметінше, жыл басынан бері есірткі құқық бұзушылықтарының 32 фактісі анықталды, заңсыз айналымнан әртүрлі есірткі заттарының 17 кг-нан астамы тәркіленген, деп хабарлайды QZ News.

Полиция қызметкерлері есірткі заттарын өсірумен айналысатын сегіз есірткі зертханасының әрекетін тоқтатты.

27 қаңтарда полицейлер Петропавл қаласында есірткі заттарын таратуға қатысы бар екі басқа қала тұрғындарын ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. Тергеу әрекеттері барысында ақ ұнтақ тәрізді зат, электрондық таразы және орау материалдары бар орамалар тәркіленді. Тәркіленген мефедрон мен α-PvP жалпы салмағы 260 грамнан астамды құрады. Қазіргі таңда тергеу жүргізілуде.

Shares