Петропавлда құтқарушылар бес жасар балаға көмекке келді
Оқиға Петропавлдың тұрғын үйлерінің бірінде болды. Атасы сыртқа шыққанда есік қатты жабылып қалып, қыз бала үйде жалғыз қалып қойған, деп хабарлайды QZ News.
Ер адам есікті ашуға тырысқанмен, еш нәтиже болмаған соң 112 қызметін шақырды.
«Құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына келіп, терезені арнайы құралдармен ашып, ішінен кіреберіс есікті ашты. Бала зардап шеккен жоқ», – делінген СҚО ТЖД хабарламасында.