СҚО ПД: Қысқы балық аулау әуесқойлары жиі мас күйінде мұзға шығады
СҚО полицейлері аң аулау мен балық аулау кезінде жиі кездесетін құқық бұзушылықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды QZ News.
1 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында «Браконьер» атты жедел-профилактикалық іс-шара басталды. Табиғатты қорғау полициясы, егерлер мен шаруашылықтармен бірлесіп, орман және аң шаруашылықтары, су айдындарында күшейтілген режимде рейдтер жүргізуде.
СҚО ПД Қоғамдық тәртіпті қорғау басқармасының аға инспекторы Асхат Кожабаевтың айтуынша, жедел алдын алу іс-шарасы басталған бірінші аптада тәртіп сақшылары 88 аң аулау ережесінің бұзылғанын анықтаған. Ең жиі кездесетін құқық бұзушылық — бұл түлкілер мен қоянға тұзақ қою, ол заңмен тыйым салынған. Қысқы балық аулау әуесқойлары жиі мас күйінде мұзға шығады, немесе аулау кезінде ішімдік ішеді, су айдынына рұқсат қағазысыз шығады, сондай-ақ жалға беруші балық аулауға тыйым салған көлдерге қақпақтар орнатады.
Барлық бұл жағдайлар балық аулау ережелерінің бұзылуына жатады. Полицейлер 23 осындай фактіні анықтады. Сондай-ақ, қару-жарақ сақтау және тасымалдау ережелерінің бұзылуы бойынша тоғыз факт тіркелді. Тәртіп сақшылары қазіргі таңда жабайы аң аулауға тыйым салынғанын ескертеді.