Петропавлда ТЖД қызметкерлері өрт кезінде үш адамды құтқарды
Облыс орталығында Халтурин көшесінде орналасқан екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды QZ News.
«Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жанған пәтерден құтқару қалпақтарының көмегімен 3 адамды құтқарды. Құтқарылған адамдар жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Өрт сөндірілді, себебі анықталуда», – деп хабарлайды ҚР ТЖМ.