Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО-ға астықты кептіру үшін қосымша арзандатылған отын бөлінді

СҚО-ға астықты кептіру үшін қосымша арзандатылған отын бөлінді

Бұған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов айтқандай, шаруаларға көмектесу мақсатында министрлікке 10 мың тонна арзандатылған дизельдік отын алу үшін өтінім жіберілді. Бүгін бұл өтінім мақұлданды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«Облыс шаруаларына қолдау көрсету аясында астық кептіруге қосымша дизель отыны бөлінеді. Облыс бойынша сұраныс 19,7 мың тоннаны құрады. Облыста 317 кептіргіш кешен бар. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы өтініштерді қабылдауда. Айта кетейік, литрінің бағасы – 250 теңге. Дизель отынын жеткізумен 7 оператор айналысады», – деп толықтырды ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы өкілдері.

 

Shares