Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО прокурорлары қазынаға 87 млн теңге қайтарды

СҚО прокурорлары қазынаға 87 млн теңге қайтарды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары бюджеттік қаражатты пайдалану саласында жүргізілген талдау барысында мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарын дөрекі бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«Мамлют ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғалары «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның талаптарына қарамастан, Покровка ауылында сумен қамту объектісінің құрылысы үшін 87 млн теңге көлемінде төлем жасаған. Шын мәнінде жұмыс орындалмаған»,- делінді СҚО прокуратурасы жариялаған хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісі және Әдеп бойынша Кеңестің ұсыныстары бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметтің атына кір келтіргені үшін босатылды, ал негізсіз төленген қаражат толық көлемде қайтарылды. Объекті құрылысының барысы бақылауға алынды.

 

Shares