Солтүстікқазақстандықтар жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатынан алтын медальдармен оралды
Астанада әуесқойлар арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтті. Оған Kozybayev University үш студенті қатысты. Барлығы да жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды QZ News университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Никита Изотов 800 және 1500 метрге жүгіруден екі алтын медаль жеңіп алды. Осы қашықтықтарда ол әуесқойлар арасында Қазақстан рекордын орнатты.
Данила Свиржевский ұзындыққа секіру, биіктікке секіру, үш қарғып секіру және ядро итеруден 4 алтын медаль жеңіп алса, 3000 метрге жүгіруден қола медаль алды.
Юлия Безушко 200 метрге жүгіруден екінші орын алып, 60 метрге жүгіруден үшінші орынға ие болды.
Спортшылардың жаттықтырушысы, дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы Александр Наумов ардагерлер арасында жарысып, биіктікке секіруден алтын медаль жеңіп алды.