Айыртау ауданында өрт сөндірушілер үйді өрттен аман алып қалды
Айыртау ауданы, Имантау ауылы, Степная көшесінде өрт шығып, қызыл жалын жеке тұрғын үйді, шаруашылық құрылысын және гаражды шарпыды, деп хабарлайды QZ News.
СҚО ТЖД мәліметінше, өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер мен ЖАО бекетінің қызметкерлері тұрғын үйді аман сақтап қалды.