СҚО полицейлері күзетшілерге мектептердегі құқық бұзушылықтар туралы хабарлап отыруларын ескертті
Өңір полицейлері білім беру мекемелерінде күзет қызметін көрсететін 40-тан астам жеке күзет ұйымдарының басшыларымен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды QZ News.
Құқық қорғаушылар күзет агенттіктерінің жұмысын реттейтін заң талаптарын айтты. Атап айтқанда, олар кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу мен буллинг жағдайлары туралы хабарламағаны үшін жауапкершілікті еске салды.
Құқық бұзушылықтар туралы мектеп әкімшілігі мен жасөспірімдер полициясына хабарлау қажет, ал оқыс оқиғалар туралы дереу «102» арнасына хабарлау керек. Бүгінде Петропавл қаласының барлық мектептері физикалық күзетпен қамтамасыз етілген.