Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да мемлекеттік орган қоныс аударушыға экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлем жасаудан бас тартты

СҚО-да мемлекеттік орган қоныс аударушыға экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлем жасаудан бас тартты

Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына азамат С. мемлекеттік органға қарсы әкімшілік талап арызбен жүгініп, тұрғын үй сатып алу кезінде экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді қайта қарауды міндеттеуді сұрады, деп хабарлайды QZ News.

Талапкер жұмыс күші мобильділігін арттыру үшін қоныс аударушы ретінде тұрғын үйді сатып алу мақсатында экономикалық мобильділік сертификаты бойынша кемінде 50% мөлшерінде ақшалай төлем алуға құқылы.

«Талапкер мен мемлекеттік орган арасында жұмыс күші мобильділігін арттыру үшін ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарт жасалған. Талапкер барлық қажетті құжаттарды ұсынды, сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылған жоқ, жылжымайтын мүлікті бағалау есебіне мемлекеттік орган тарапынан шағым жасалмады, сотқа жүгінген жоқ. Сатып алынатын жылжымайтын мүліктің бағалау құны мен Кәсіптік орталықтың қорытындысы арасында айырмашылықтар анықталмады», – деп хабарлады сот.

Алайда, мемлекеттік орган жылжымайтын мүліктің бағалау құны жоғары деп есептеп, экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлем жасаудан бас тартты. Мемлекеттік орган сотқа бағалау құнының негізсіз жоғары екенін дәлелдейтін айғақтар ұсынбаған, оның уәждері тек болжамдарға негізделген. Осыған байланысты сот талқылауы басталды.

«Сот талап арыздың құқықтық негіздемесі бойынша алдын ала пікір білдіріп, тараптарға дауды медиация тәртібімен шешуді ұсынды. Бітімгерлік рәсімдерінің нәтижесінде қоныс аударушы С-ның бұзылған құқықтары қалпына келтірілді, өтініш қайта қаралып, талапкерге тұрғын үй сатып алу үшін экономикалық мобильділік сертификаты бойынша материалдық көмек төленді. Медиация келісімін бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енді», – деп хабарлады сот.

Shares