Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда «Математикалық регата» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті

Петропавлда «Математикалық регата» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті

Kozybayev University базасында «Қызылжар дарыны» орталығы ұйымдастырған «Математикалық регата» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Байқауға облыстың білім беру ұйымдарынан 22 математика пәнінің мұғалімі қатысты, деп хабарлайды QZ News.

Қатысушылар төрт турдан тұратын жазбаша есептерді шешу арқылы өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.

«Олимпиада қазылар алқасы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия-биология бағыты бойынша филиалының жетекші педагогтары мен Kozybayev University профессор-оқытушылар құрамынан тұрды, бұл әр тапсырманың жоғары деңгейде сарапталуын қамтамасыз етті». Олимпиада қорытындысы бойынша екінші және үшінші орындарды екі педагогтан иеленді. Барлық қатысушыларға қатысу сертификаттары табысталды», – деп хабарлады «Қызылжар дарыны» орталығы.

26-28 наурыз аралығында Семей қаласында өтетін республикалық кезеңде облыс намысын төрт мұғалімнен құралған команда қорғайды.

Shares