Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Жұмысшы мамандықтар жылы: Петропавлда #МыЕсть жобасы іске қосылады

Жұмысшы мамандықтар жылы: Петропавлда #МыЕсть жобасы іске қосылады

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында #МыЕсть бірегей фотожобасы жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының Рестораторлар мен қонақүй иелері қауымдастығының төрағасы Сайран Хамза өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады QZ News.

Жобаны Солтүстік Қазақстан облысының Рестораторлар мен қонақүй иелері қауымдастығы және Qyzyljar Creative Center ұйымдастырады. Идеяға сәйкес, #МыЕсть жобасының кейіпкерлерімен стилисттер мен визажистер жұмыс істейді, содан кейін кәсіби фотографтар фототүсірілім жасайды. Жобаны жүзеге асыру мерзімі – бір ай. Қатысушылар саны – 15-20 адам.

«Автобус жүргізушілері, даяшылар мен аспаздар, аула сыпырушылар, такси жүргізушілері, медбикелер, киімжай қызметкерлері және тағы басқалар. Олардың барлығы жанымызда жүр, бірақ көбінесе көзге көрінбейді. Ал шын мәнінде, олардың еңбегі өмірімізді жайлы етеді! Жобаға қатысу – тегін», – деп жазды Сайран Хамза әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қазіргі уақытта байқау ережесі дайындалып, ұйымдастыру штабы құрылуда, сондай-ақ ақпарат тарату мақсатында әлеуметтік желілерде арнайы парақшалар ашылады.

«Біз қатысушыларды іздейміз – егер өзіңіз туралы айтқыңыз келсе, бізге хабарласыңыз. Сонымен қатар, жобаны жарқын ету үшін фотографтар, видеографтар, стилисттер, визажистер мен қатысушылардың образын толықтыратын киім бутиктерін де іздеудеміз», – деп атап өтті Сайран Хамза.

Qyzyljar Creative Center басшылығының айтуынша, орталықтың резиденттері де жобаға атсалысады – мобилографтар, дизайнерлер, фотографтар және басқа да шығармашыл мамандар. Жобаның финалы ретінде қатысушылардың фото көрмесі өтеді. Ол Qyzyljar Creative Center-де ұйымдастырылады. Жүлде қоры 500 000 теңгені құрайды.

Shares