2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда 8 наурызға орай көпбалалы аналарға ақшалай төлем беріледі

Петропавлда 8 наурызға орай көпбалалы аналарға ақшалай төлем беріледі

March 5, 2025 11:47

8 наурыз- Халықаралық әйелдер күніне орай облыс орталығында көпбалалы отбасылар мен көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік төлем жасалады, деп хабарлайды QZ News.

Петропавл қаласы әкімдігінің мәліметінше, бұл төлемді «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған, бұрын «Батыр ана» атағын алған немесе «Ана даңқы» орденінің I және II дәрежелерімен марапатталған көпбалалы аналар алады. Оларға 10 АЕК немесе 39 320 теңге көлемінде төлем қарастырылған.

Сондай-ақ, төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған баласы бар көпбалалы отбасыларға 5 АЕК немесе 19 660 теңге мөлшерінде төлем беріледі.

Shares