Петропавл маңында және Қызылжар ауданында бөгеттерді нығайту үшін 42 мыңнан астам қап дайындалды
Петропавл маңында және Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Бұл туралы СҚО ТЖД хабарлады, деп жазады QZ News.
Бескөл, Тепличное және Прибрежное ауылдарында, Подгора шағын ауданында және Былғары зауыты кентінде бөгеттерді нығайту үшін 42 мыңнан астам қап дайындалып, 340 метр полипропилен жабындысы төселді. Жұмысқа арнайы техника жұмылдырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Жұмыстар СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының бақылауымен жүргізілуде.