2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қамқорлық көрсету: Айыртау ауданының еріктілері қар тазалауда қарт адамдарға көмектеседі

Қамқорлық көрсету: Айыртау ауданының еріктілері қар тазалауда қарт адамдарға көмектеседі

March 6, 2025 17:14

 

СҚО Айыртау ауданының Саумалкөл ауылындағы бейжай қарамайтын тұрғындар, соның ішінде партия мүшелері мен еріктілер бірлесіп қарияларға көмек көрсетті, деп хабарлайды QZ News.

Белсенділер жолдарды қардан тазалап,жиналған қар үйінділерін шығарды, сондай-ақ тұрмыстық жұмыстарға қолдау көрсетті. Аталған тазалық іс-шарасы «Таза бейсенбі» акциясы аясында өтті.

⠀

«Мұндай акциялар ауылды таза ұстауға ғана емес, аға буынға қамқорлық көрсетуге де мүмкіндік береді. Біз еліміздің және қоғамымыздың дамуына елеулі үлес қосқан жандарды ұмытпауымыз керек», – деп атап өтті акцияға қатысушылар. 

⠀

«AMANAT» партиясы азаматтарды қолдауға бағытталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруды жалғастырып, мұқтаж жандарға көмек көрсету бойынша жаңа іс-шараларды жоспарлап отыр. Қыс басталғалы бері аманаттықтар Солтүстік Қазақстан облысында 30-ға жуық сенбілік өткізді.

Shares