СҚО полицейі снайперлік атудан республикалық жарыстың жеңімпазы атанды
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері Павлодар қаласында өткен «Арқар 2025» Қазақстан Республикасының ашық чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды QZ News.
Мұндай жарыстарға дәстүрлі түрде құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдері қатысады. «Тактика» санатында мергендер 11 жаттығу бойынша сынға түсті.
«Нысаналарға дейінгі қашықтық 100-ден 840 метрге дейін болды. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды полицияның аға лейтенанты Саят Ілюбаев иеленді. Ол – республикалық деңгейдегі снайперлік жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы», – деп мәлімдеді СҚО ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, СҚО Полиция департаментінің намысын қорғаған лейтенант Ерхан Шайпин жүлделі үшінші орынды иеленді.