Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда жол апатынын жүргізуші қаза тауып, екі жолаушы жарақат алды

Петропавлда жол апатынын жүргізуші қаза тауып, екі жолаушы жарақат алды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, 17 наурыз күні сағат 15:40-та Петропавл қаласындағы Қожаберген жырау тасжолында Toyota автокөлігі қоршауға соғылып, жол апатына ұшырады, деп хабарлайды QZ News.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 33 жастағы Toyota жүргізушісі қаза тапты. 2024 жылы туған жолаушы ауруханаға жатқызылды, ал 26 жастағы жолаушы медициналық көмекке жүгінді, бірақ ауруханаға жатқызу қажет болмады», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.

Shares