Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-дағы көпұлтты мектепте Наурыз мерекесі аталып өтті

СҚО-дағы көпұлтты мектепте Наурыз мерекесі аталып өтті

«Наурызнама» күнтізбесі аясында бір күн мәдениет пен ұлттық дәстүрлерге арналды. Осыған орай, мереке Петропавл қаласындағы №17 ұлттық жаңғыру орта мектеп-кешенінде атап өтілді, деп хабарлайды QZ News.

Бұл – Қазақстанда баламасы жоқ бірегей оқу орны. Мерекеге Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.

Бұл мектепте жалпы білім беретін сыныптармен қатар, 10 ұлттық бөлімше жұмыс істейді. Оны шағын мемлекетке теңеуге болады, мұнда әртүрлі ұлт өкілдері ортақ мереке – Наурызды бірге тойлайды. Оқушылар этномәдени бірлестіктердің қатысуымен этноауыл құрып, ұлттық тағамдар жәрмеңкесін, қолөнер бұйымдары көрмесін және спорттық ойындарды ұйымдастырды.

«Наурыз педагогтарды, оқушыларды және қонақтарды достық пен бірлік атмосферасында біріктірді. Бұл мереке халықтардың бай мәдени мұрасына деген құрметтің символына айналды. Мереке соңында қатысушыларға ұлттық дәстүрлер мен тілдерді сақтауға қосқан үлесі үшін, халқымыздың салт-дәстүрлеріне ерекше көңіл бөлгені үшін алғысымды білдірдім», – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Shares