Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қоғамдық бақылау: Мамлют ауданы мектеп асханаларында тамақ сапасы тексерілді

Қоғамдық бақылау: Мамлют ауданы мектеп асханаларында тамақ сапасы тексерілді

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп асханаларындағы тамақ сапасын бақылау жұмыстары жалғасуда. Кезекті мониторинг Мамлют ауданында өтті, деп хабарлайды QZ News.

«AMANAT» партиясының баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеріс Краснознамен, Мінкесер, Новомихайлов және Афонькино орта мектептерінде жүргізілді.

Бақылауға білім басқармасы жанынан құрылған ведомствоаралық сараптамалық топ өкілдері мен партияның партиялық бақылау инспекторы қатысты.

«Мониторинг ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен қағидалардың 112-тармағына сәйкес жүргізіледі. Тексеру барысында мамандар тағамдардың санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігін, пайдаланылатын өнімдердің сапасын, температуралық режимнің сақталуын және тиісті құжаттардың дұрыс жүргізілуін бағалайды. Анықталған кемшіліктер өңірдегі мектептегі тамақтану жүйесін жетілдіру бойынша алдағы жұмыстарда ескерілетін болады», – деп мәлімдеді «AMANAT» партиясында.

Shares