2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы «Жас Өркен» шағын ауданында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

Петропавлдағы «Жас Өркен» шағын ауданында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

March 17, 2025 14:37

17 наурыз күні сағат 17:00-де облыс орталығында антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық терроризмге қарсы күрес штабы хабарлады, деп жазады QZ News.

Жаттығулар «Жас Өркен» шағын ауданында, №1 қалалық емхана маңында (Порфирьев көшесі, 55) өткізіледі. Осыған байланысты Порфирьев, Әуезов, Крылов және Парковая көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылуы мүмкін.

«Уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жалған мәліметтер таратпауға шақырамыз», – делінген штабтың хабарламасында.

Shares