Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Игорь Попов СҚО мобилизациялық дайындық, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Игорь Попов СҚО мобилизациялық дайындық, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды

СҚО әкімінің өкімімен Попов Игорь Олегович Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мобилизациялық дайындық, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының уақытша басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды QZ News.

Игорь Олегович 1969 жылы Петропавл қаласында дүниеге келген. Ленинград кеме жасау институтын және ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін «құрал жасау» және «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облыстық телерадиохабар тарату компаниясында жетекші маман ретінде бастаған. 1995-2024 жылдары СҚО ҰҚК департаментінде түрлі қызметтерде, соның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Shares