Бескөл ауылында тасқынға қарсы қар тазалау жұмыстары күшейтілді
Қызылжар ауданының орталығы – Бескөл ауылында су тасқынының алдын алу шаралары ерекше бақылауда, деп хабарлайды QZ News.
Бескөл ауылдық округінің әкімі Гүлсім Каримованың айтуынша, бөгет бойына пропилен материалы тартылып, инертті материалдар дайындалуда. Ерекше назар ауыл ішіндегі жолдарды тазалауға және қарды шығару жұмыстарына аударылуда.
«Қарды шығару тасқын қаупі бар, Есіл өзенінен келетін еріген және тасқын сулар жиналатын аймақтарда жүргізілуде. Барлық техника түрлері жұмылдырылған. Сонымен қатар, штаб өз жұмысын қалыпты режимде жалғастыруда. Үш мобильді бригада су сорғыш техникамен қамтылған. Ауа температурасының жоғарылауына және қардың қарқынды еруіне байланысты барлық жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. 16 наурызда Бескөл ауылының төрт шағын ауданында – Оңтүстік-Шығыс, МЖК ауданы, Ескі Бескөл ауданы және Ипподром ауданында жұмыстар атқарылды», – деді Гүлсім Каримова.
Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Бұдан бөлек, ауыл тұрғындарынан қар тазалау бойынша өтініштер келіп түскен жағдайда, оларға да көмек көрсетілуде. Қар арнайы белгіленген орынға шығарылады. «Қазгидромет» РМК СҚОФ мәліметінше, 16-18 наурыз аралығында облыста ауа температурасының 3-6 градусқа дейін жылынып, түнде 0-2 градус жылы болады деп күтіледі. Сонымен қатар, жауын-шашын болуы мүмкін.