Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қаржылық қауіпсіздіктің негіздері СҚО оқушылары мен студенттеріне түсіндірілуде

Қаржылық қауіпсіздіктің негіздері СҚО оқушылары мен студенттеріне түсіндірілуде

Қаржылық мониторинг агенттігі «Заң және тәртіп» іске асыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қаржылық сауаттылықты арттыру аясында мектеп оқушылары мен студенттермен ақпараттық-құқықтық жұмыстар жүргізуде. Оларға қаржылық қауіпсіздіктің негіздері түсіндіріліп, алаяқтық схемаларға тартудың мысалдары қарастырылады, алаяқтардың құрбаны, қаржы пирамидасының салымшысы немесе «дроппер» болмау жолдары жайлы мәлімет беріледі. Сонымен қатар, күрделі қаржылық айла-тәсілдерге тап болған жағдайда не істеу керектігі де айтылады, деп хабарлайды QZ News.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мұндай кездесулер жеке тұлғаның да, жалпы қоғамның да құқықтық санасын қалыптастыруға ықпал ететінін айтады. Тыңдаушылардың дүниетанымы, құндылық бағыттары, көзқарастары мен түсініктері қалыптасады. Құқықтық мәдениет – бұл қоғамның идеялық-адамгершілік ахуалын көрсететін, шынайы құқықтық мемлекеттің өзіндік көрсеткіші болып табылатын ұғым.

«Оқушылардың қарастырылған мәселелерді талқылауға белсенді қатысып, қаржылық сауаттылықты арттыру құралдарына және заңдарды сақтау мен қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына қызығушылық танытқаны байқалды. Мұндай кездесулер болашақ ұрпақтың жауапкершілік сезімін, заңға құрметпен қарауды және оны сақтаудың маңыздылығын түсінуді тәрбиелеуде үлкен мәнге ие», – деп атап өтті департаментте.

Shares