Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 158 см-ге дейін төмендеді

Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 158 см-ге дейін төмендеді

8 сәуір күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 158 см-ді құрап отыр, деп хабарлайды QZ News тілшісі. Бір тәулік бұрын бұл көрсеткіш 170 см болған еді.

«Қазгидромет» СҚОФ мәліметінше, су торабының толуы – 128%. Су қоймасының көлемі – 890 млн текше метр. Су деңгейі – 958 см.

Сондай-ақ су деңгейі келесі су бекеттерінде төмендеп жатыр: Бабықбұрлық өзені — Гусаковка ауылы, Аққанбұрлық — Ковыльное ауылы, Шарық — Рузаевка, Шарық — Андреевка, Аққанбұрлық — Возвышенка, Мұққыр — Мұқыр ауылы, Иманбұрлық — Соколовка, Есіл — Шоптыкөл, Есіл — Тоқсан би, Есіл — Крещенка, Есіл — Сергеевка қаласы, Шат — Ленинградское ауылы.

«2025 жылдың 5-11 сәуірі аралығында Ақмола облысынан келетін Жабай және Калқұтан өзендерінің салаларының тасуына байланысты Есіл өзенінің бойындағы Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарында су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Қауіпті деңгейден асу ықтималдығы бар, соның салдарынан тасқын және еріген қар суларынан жолдарды, елді мекендерді, тұрғын үйлер мен шаруашылық нысандарын су басу қаупі туындауы мүмкін», – деп хабарлайды «Қазгидромет» СҚОФ.

Shares