Сергеев су қоймасында судың бөгеттен тасу деңгейі 150 см-ге жетті
14 сәуір күні сағат 20:00-де Сергеев су қоймасында бөгеттен су тасу деңгейі 150 см-ді құрады, деп хабарлайды QZ News.
«Қазгидромет» РМК СҚОФ мәліметінше, су торабының толу көрсеткіші – 127 %. Су қоймасының көлемі – 880 миллион текше метр. Су деңгейі – 950 см.
Петропавлда Есіл өзенінде бір тәулікте су деңгейі 6 см-ге көтеріліп, 1038 см-ді құрады. 2024 жылғы ең жоғары көрсеткіш – 1358 см.