Петропавлда зираттар қоқыстан тазартылуда
April 14, 2025 11:17

Облыс орталығында Жұмысшы кентіндегі Жаңа зират аумағынан қоқыс шығару жұмыстары басталды, деп хабарлайды QZ News.
Тазалау жұмыстарына 2 тиегіш, 5 КАМАЗ және 15 адам жұмылдырылған.
«Тұрғындар мен қала қонақтарынан тазалық жұмыстары кезінде қоқысты зират шетіне тастамай, оны қапқа салып, зираттың орталық көшелеріне шығарып қоюларын сұраймыз», – деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ТҮКШ бөлімі.
