Петропавлда 21 сәуірден бастап жылыту маусымы аяқталады
Петропавл қаласы әкімдігі 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымын 21 сәуірден бастап аяқтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы «Севказэнерго» АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды QZ News.
«Жылыту маусымының аяқталуы — дәл осы күні қаладағы барлық үйде жылу бірден өшіріледі дегенді білдірмейді. Жылу беру кезең-кезеңімен, 10 күн ішінде тоқтатылады. Бұл – қаланың жылумен қамту жүйесінің теңгерімін сақтау үшін қажет. МИБ/ПИК басшыларына ішкі үйлік жылу жүйелеріндегі тартпаны жабу, ал ыстық су бар үйлерде жүйені жазғы режимге ауыстыру тапсырылды. Радиаторлар жылудан ажыратылған соң 2–3 сағат ішінде суыйды», – делінген хабарламада.