«Найза-Антитеррор-2025»: Петропавлда жол қозғалысына шектеу қойылады
2025 жылғы 18 сәуірде «Найза-Антитеррор-2025» оқу-жаттығуларын өткізуге байланысты Петропавл қаласындағы Ауэзов көшесінде, мұнай базасы маңындағы айналма жол қиылысында көлік қозғалысы шектеледі. Сонымен қатар, «Достық молл» сауда орталығы маңында да қозғалыстың қиындауы мүмкін, деп хабарлайды QZ News.
«Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Сонымен қатар, тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, жалған мәлімет таратудан аулақ болу қажет», – делінген хабарламада.