СҚО-да ТЖД қызметкерлері өрттен екі адамды құтқарып қалды
«101» байланыс пультіне куәгер қоңырау шалып, жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлаған. Оқиға Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Чистополье ауылында орын алды, деп хабарлайды QZ News.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өрт үйдің кіреберісінен шыққанын анықтады. Үй ішінде түтіннің салдарынан сыртқа шыға алмай қалған адамдар болған.
«Өрт сөндірушілер үйге кіріп, екі ер адамды сыртқа алып шықты. Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болмады. Өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлайды СҚО ТЖД.