Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Шетелдік инвесторлар СҚО-да бірнеше тыңайтқыш зауытын салуды жоспарлап отыр

Шетелдік инвесторлар СҚО-да бірнеше тыңайтқыш зауытын салуды жоспарлап отыр

Петропавл қаласында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ресейлік «УА» компаниясының басқарушы директоры Елена Филиппова және «ГринДар» компаниясының директоры Евгений Усаченкомен кездесті. Кездесу барысында облыс аудандарында ауыл шаруашылығы өндірушілерін сапалы тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында органикалық тыңайтқыштар шығаратын бірнеше зауыт салу жөніндегі инвестициялық жоба талқыланды, деп хабарлайды QZ News.

«Бұл жобаны сәтті жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан шетелдік инвесторларға қажетті қолдау көрсетіледі. Біз барлық кезеңде — жобалық идеядан бастап толық қуатқа шығуына дейін — барлық инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетеміз», – деді өңір басшысы.

Облыс жыл сайын топырақ құнарлылығын арттырып, өнімділікті көбейту мақсатында минералдық тыңайтқыштарды қолдану көлемін белсенді түрде арттырып келеді. Тек биылдың өзінде 333 мың тонна тыңайтқыш енгізілмек. Жаңа кәсіпорынның құрылысы өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға маңызды үлес болмақ.

Shares