Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі парабиатлоннан әлем чемпионы, «Хрусталь глобусының» иегері Ербол Хамитовпен кездесті

СҚО әкімі парабиатлоннан әлем чемпионы, «Хрусталь глобусының» иегері Ербол Хамитовпен кездесті

Өңір басшысы Гауз Нұрмұхамбетов парабиатлоннан әлем чемпионы және «Хрусталь глобусының» иегері Ербол Хамитовпен кездесу өткізді. Кездесу барысында олар өңірдегі параспортты дамыту келешегін, жас спортшыларды қолдау мәселесін және Ерболдың кәсіби мансабындағы алдағы жоспарларын талқылады, деп хабарлайды QZ News.

«Ербол – біз үшін жай ғана чемпион емес. Оның өмір жолы – рухтың, батылдықтың және табандылықтың айқын үлгісі. Ол мыңдаған адамға шабыт беріп, адамның мүмкіндігінде шекара жоқ екенін дәлелдеп жүр. Біз бұдан әрі де спортшыларымызға қолдау көрсетіп, бұқаралық және балалар спортын дамытуды, сондай-ақ өңіріміздің спорттық инфрақұрылымын жетілдіруді жалғастырамыз», – деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Shares