Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда Ұлттық Geo Star олимпиадасының облыстық кезеңі өтті

Петропавлда Ұлттық Geo Star олимпиадасының облыстық кезеңі өтті

April 22, 2025 12:16

Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 7–8 сынып оқушылары арасында Geo Star ұлттық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді, деп хабарлайды QZ News.

Geo Star — географияға қызығатын оқушыларға арналған зияткерлік жарыс. Олимпиада қатысушыларға материктер мен мұхиттардан бастап табиғи құбылыстар мен жаһандық процестерге дейінгі білімдерін тексеруге бірегей мүмкіндік береді. Бұл сайыс логикалық ойлау, зейін және талдау қабілеттерін дамытады.

Тапсырмалар физикалық, экономикалық және саяси географияны, экология мен тұрақты дамуды қамтиды. Қатысушылар карталармен, графиктермен және статистикалық мәліметтермен жұмыс істей алу шеберліктерін көрсетіп, теориялық білімдерін тәжірибеде қолданды.

Бүгін өткен өңірлік кезеңге СҚО-ның барлық аудандары мен Петропавл қаласынан 34 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 4 оқушы — 2 жетінші және 2 сегізінші сынып оқушысы — 12-15 мамыр күндері Астанада өтетін республикалық кезеңде өңір намысын қорғайтын болады.

«Қызылжар дарыны» орталығының директоры Бақыт Ғабдуллинаның айтуынша, мұндай олимпиадаларға қатысу – оқушылардың ғылым, экология және халықаралық зерттеулер әлеміне алғашқы қадам жасауының тамаша мүмкіндігі.

Shares