2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да Прибрежное ауылының тұрғындарына көмек көрсету жұмыстары жалғасуда

СҚО-да Прибрежное ауылының тұрғындарына көмек көрсету жұмыстары жалғасуда

April 26, 2025 19:00

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының және Астана қаласының құтқарушылары полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Қызылжар ауданына қарасты Прибрежное ауылына көлік қатынасын қамтамасыз етуде, деп хабарлайды QZ News.

Халықты тасымалдау үшін 13 жүзу құралы жұмылдырылған.

Сондай-ақ Қызылжар ауданының Тепличное, Прибрежное, Ольшанка ауылдарында және Петропавл қаласына қарасты Заречный кентінде су тасқынына қарсы белсенді жұмыстар жүргізілуде.

«Министрлік басшысы ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерімен және еріктілермен бірге қорғаныс құрылыстарын нығайту, суды сору және тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды су тасқынынан қорғау шараларымен танысты», — деп хабарлады СҚО ТЖД-де.

Су тасқынына қарсы штабтар тәулік бойы жұмыс істеп тұр, жағдай тұрақты бақылауда.

Shares