Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО әкімі мен ТЖМ басшысы басқа өңірлерден келген құтқарушыларға алғыс білдірді

СҚО әкімі мен ТЖМ басшысы басқа өңірлерден келген құтқарушыларға алғыс білдірді

Бүгін облыс халқы ерекше алғыспен басқа өңірлерден келген ТЖМ бөлімшелерін шығарып салды. Бұл рәсімге ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов, СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов,  құқық қорғау органдарының, әскери құрылымдардың басшылары мен жұртшылық қатысты, деп хабарлайды QZ News.

“Құтқарушылар күрделі су тасқыны кезеңінде көмекке келіп, өңіріміз үшін сенімді тірек болды. Олар тәулік бойы, тізеден мұздай суда тұрып, дауыл мен суыққа қарамастан, бөгеттерді бекітіп, ауылдар мен адамдарды сақтап қалды. Солтүстікқазақстандықтардың атынан әрбір құтқарушыға ризашылығымды білдіремін”,- деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ, өңір басшысы жігіттердің ата-аналары бен отбасыларына шын жүректен алғыс айтты. Олардың тәрбиесі арқасында елімізде осындай батыл, рухы мықты, нағыз қорғаушылар өсіп шықты. Облыс әкімі кәсібилік, төзімділік пен адамгершіліктері үшін рақмет айтып, ақ жол тіледі.

Shares