Петропавл қаласында өрт сөндірушілер көліктегі өртті 12 минут ішінде сөндірді
Ш.Уәлиханов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында жеңіл автокөліктің электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан кейін мотор бөлігінен өрт шыққан, деп хабарлайды QZ News.
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД мәліметінше, көлік газ баллонымен жабдықталған және кез келген сәтте жарылыс қаупі болған. Өрт сөндірушілер өрт туралы хабар түскен сәттен бастап оны толық сөндіргенге дейін небәрі 12 минут жұмсаған.
«Өртті сөндіру кезінде кәсіби мамандар ауа-механикалық көбікті пайдаланып, жалынды тез басып, оның автокөлік салонына таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген СҚО ТЖД хабарламасында.