Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Соғыс ардагері Валентина Волкодав өмірден өтті

Соғыс ардагері Валентина Волкодав өмірден өтті

Бүгін Отан соғысының ардагері Валентина Архиповна Волкодав дүниеден өтті. Ардагердің туған-туыстары мен жақындарына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов көңіл айтты, деп хабарлайды QZ News.

Валентина Архиповна майданға 19 жасында аттанған. Ол Белорусь және Украина майдандарында көпір салу жасағында еңбек етіп, жаудың оқ жаудырған жағдайында көпірлер тұрғызып, әскердің алға жылжуына жол ашты. Волгадан Берлинге дейінгі жолдан өтті. II дәрежелі Отан соғысы орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін де Отан игілігі үшін еңбек етті — Целиноградтағы керамика зауытында бухгалтер болып жұмыс істеген, соңғы 30 жылдан астам уақытын Петропавл қаласында өткізді.

«Соғыстың ауыртпалығына қарамастан Валентина Архиповна әрдайым жарқын жүзді , қайратты әрі өмірге құштар жан болды. Биыл ол 103 жасқа толып, айналасындағыларды сергектігімен қуантты. Нағыз батырдың жарқын бейнесі мәңгі жадымызда қалады», – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желілерде.

Shares