Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО құтқарушылары Бескөлдегі өрт кезінде жарылыстың алдын алды

СҚО құтқарушылары Бескөлдегі өрт кезінде жарылыстың алдын алды

Бескөл ауылындағы Октябрь көшесінде екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Екінші қабатта орналасқан пәтерде төбе жабындысы мен жеке заттар отқа оранған, деп хабарлайды QZ News.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар бірден өртті сөндіру жұмыстарына кірісті. Тілсіз жаумен күрес барысында өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден төрт газ баллонын алып шықты. Бұл әрекет ықтимал жарылыстың және ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, қауіп аймағында болған үш адам құтқарылды. Үйдің тағы он бес тұрғыны, оның ішінде жеті бала эвакуацияланды.

Өрт шағын аумақта сөндірілді, бұл үлкен шығынның алдын алуға сеп болды. Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Shares