Петропавлда аулалар мен жолдар жаңартылуда
Облыс орталығында қалалық аумақты кешенді абаттандыру жұмыстары белсенді түрде басталды. Бұл жоба – қала тұрғындарының өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламаның негізгі бөлігі, деп хабарлайды QZ News.
Басталған жұмыстардың басым бағыттарының бірі – аулаларды жаңарту. Балалар алаңқайларымен спорт алаңдарын жөндеу және қайта жабдықтауды қамтитын кешенді абаттандыру жоспарланған.
Сонымен қатар, қаланың кей көшелерінде жол жабындысын асфальттау және жөндеу жұмыстары қатар жүргізілуде. Бұл жол инфрақұрылымын жаңарту көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін жайлылық пен қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.