Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » СҚО кикбоксшыларының Түркияда өткен Әлем кубогында үздік нәтиже көрсетті, Аслан Асылбеков бес дүркін Әлем чемпионы атанды

СҚО кикбоксшыларының Түркияда өткен Әлем кубогында үздік нәтиже көрсетті, Аслан Асылбеков бес дүркін Әлем чемпионы атанды

Антальяда (Түркия) өткен кикбоксингтен Әлем кубогында рекордтық көрсеткіш – 41 елден 2549 спортшы қатысып, дүбірлі додада отандастарымыз керемет нәтиже көрсетті. Бұл туралы СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлайды, деп жазады QZ News.

Қазақстанның 102 спортшыдан тұратын ұлттық құрамасы сапында Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері де көзге түсті. Әсіресе, 60 кг дейінгі салмақта (фулл-контакт) өнер көрсеткен Аслан Асылбеков қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, өзінің спорттық мансабында бесінші мәрте Әлем кубогының чемпионы атанды.

Ал 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Данияр Жарасов Қазақстан құрамасының қоржынына қола медаль салды. Қиын жекпе-жектерде ол нағыз жауынгерлік мінез бен шеберлік танытты.

СҚО спортшыларының бұл жетістігі оларды халықаралық турнирге дайындаған бапкер Дастан Кабденовтың жемісті еңбегінің нәтижесі екенін атап өткен жөн.

Аслан Асылбековты бесінші чемпиондық атағымен, ал Данияр Жарасовты лайықты қола жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңістер – Солтүстік Қазақстан облысында және жалпы елімізде кикбоксинг спортының жоғары деңгейде дамып келе жатқанының айқын дәлелі.

Shares