Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Өмірге үміт: СҚО-да Новоишимское ауылының тұрғынына обырға қарсы күресте жедел қаржы жинау жарияланды

Өмірге үміт: СҚО-да Новоишимское ауылының тұрғынына обырға қарсы күресте жедел қаржы жинау жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысында Новоишимское ауылының тұрғыны Раушан Сыздықованың еміне жедел қаржы жинау басталды. Оған өкпенің 4-ші сатыдағы қатерлі ісігі диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта Раушан Түркияның Стамбул қаласындағы Acibadem клиникасында ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды QZ News.

Емге қажетті жалпы сома — 31 миллион теңге. Қайырымды жандардың көмегімен қазіргі таңда 17,5 миллион теңге жиналды. Емді жалғастыру үшін тағы 13 500 000 теңге қажет.

«Барша бей-жай қарамайтын азаматтардан қолдау көрсетуді сұраймыз. Раушанның үш ұлы бар. Мұндай ауыр сынақ біздің отбасымызға келеді деп ешқашан ойламадық», – дейді Раушанның туыстары.

Көрсетілген кез келген көмек – Раушанның өмірі үшін күресте шешуші болмақ.

Көмек көрсету реквизиттері:

Halyk/Kaspi: +7 (778) 205-53-64 (Азамат С., жұбайы)
Halyk/Kaspi: +7 (705) 230-88-88 (Серік Т., ағасы)
Шот нөмірі: 4405 6397 1181 8888

Осы қиын сәтте бірге болып, Раушан мен оның отбасына қолдау көрсетейік!

Shares