Үлгілі еңбеккер — механизатор Әлімжан Есалин
«АЗКО – Жаңажол» ЖШС-нің механизаторы Әлімжан Байжанұлы Есалин өзінің көп жылғы адал еңбегімен туған ауданында құрмет пен абыройға ие болды, деп хабарлайды QZ News.
Әлімжан Есалин 1970 жылдың 23 қаңтарында дүниеге келген, бүкіл өмірі туған ауылы Кеңеспен тығыз байланысты. Сереев кәсіптік-техникалық училищесін механизатор мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін, туған ауылындағы совхозға оралып, өз мамандығы бойынша еңбек жолын бастады.
Бүгінде Әліммжан Байжанұлы «АЗКО – Жаңажол» ЖШС-де механизатор болып табысты жұмыс істеп келеді. Оны жоғары кәсіби біліктілік пен өз ісіне деген жауапкершілік сипаттайды. Егіс пен орақ науқаны кезінде ол заманауи John Deere-760 комбайнымен жоғары нәтижелер көрсетіп жүр.
Қыста да Әліммжан Есалин таптырмас маман — ол К-700 тракторымен аудан жолдарын қардан уақтылы әрі сапалы тазартумен айналысады. Оның көп жылғы тәжірибесі техниканың апатсыз әрі сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Еңбек жетістіктерінен бөлек, Әліммжан Байжанұлы өзінің округінің қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Ол саламатты өмір салтын ұстанатын, үлгілі отбасы иесі, сүйікті жар және үш баланың қамқор әкесі.
Ауыл шаруашылығы саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін Әліммжан Байжанұлы Есалин «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Бұл — оның ісіне деген адалдығы мен жоғары кәсіби шеберлігінің жарқын дәлелі.