Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » «ViZaVi Company» СҚО атынан Kazan Halal Market көрмесінде Қазақстан өнімдерін таныстыруда

«ViZaVi Company» СҚО атынан Kazan Halal Market көрмесінде Қазақстан өнімдерін таныстыруда

May 14, 2025 19:59

Солтүстік Қазақстан облысындағы тәтті өнімдер өндірушісі – «ViZaVi Company» ЖШС 13–18 мамыр аралығында Татарстан астанасы Қазанда өтіп жатқан беделді халықаралық Kazan Halal Market сауда жәрмеңкесіне қатысуда, деп хабарлайды QZ News.

Аталған жәрмеңкеге Ресей Федерациясының 15 өңірінен және Ауғанстан, Пәкістан, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Иран, Үндістан мен Сенегал сияқты елдерден келген 150-ден астам компания мен 40 мыңнан астам қонақ қатысуда.

Көрме барысында Қазан тұрғындары мен қонақтары қазақстандық тұтынушылардың сүйіспеншілігіне бөленген ViZaVi компаниясының тәтті тағамдарының кең ассортиментімен танысу мүмкіндігіне ие болады. Компания жәрмеңкеге шығыс тәттілері, балғын печенье, бал қосылған десерттер мен торттар ұсынған– бұлар «ViZaVi Company» өнімдерінің басты ерекшелігі.

Kazan Halal Market көрмесіне қатысу – компания үшін сату географиясын кеңейтіп, жаңа нарықтармен танысудың маңызды қадамы. Бұл сондай-ақ халал сегментіндегі қазақстандық өнімдердің жоғары сапасы мен алуан түрлілігін халықаралық деңгейде көрсетуге таптырмас мүмкіндік.

Shares