СҚО-да мәдениет және өнер қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Солтүстік Қазақстан облысында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов рухани құндылықтарды сақтап, өнер мен мәдениетті дамытуға үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді, деп хабарлайды QZ News.
Өңірде мәдениет саласына баса назар аударылып келеді. Театрлар, мұражайлар мен филармония белсенді жұмыс істейді, олардың өз тарихы бар, көрермендердің зор құрметіне ие. Президенттің тапсырмасымен шығармашылыққа арналған заманауи алаң – Креативті индустрия орталығы ашылды. «Ботай» арт-галереясы өнерпаздар мен сурет сүйер қауымды тартуда. «Сенситив» би театры облыстың намысын халықаралық деңгейде абыроймен қорғап жүр. Сонымен қатар, ауылдық шығармашылық ұжымдарды қолдауға бағытталған «Ауылдың үздік мәдениет мекемесі» облыстық байқауы қайта жаңғыртылды.
«Бүгін Президент атынан мемлекеттік наградаларды табыстай отырып, өз ісіне адал, д
талантты жандардың еңбегін атап өттік. Бұл – мәдениетке қосқан өлшеусіз үлестеріңіздің әділ бағасы. Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Шабыттарыңыз шарықтап, көрермендердің ықыласы мен шығармашылық табыстар әрдайым серік болсын!», – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.